ШҚО әкімі Глубокое ауданына жұмыс сапарымен барды
![](/kz/uploads/posts/iblock/24c/24cdbaa18853f052b3bc85a2a6afcc19.jpg)
ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Глубокое ауданында болып қайтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Алдағы уақытта ауданда Мәдениет үйі, серуендеу мен демалуға арналған тамаша скверлер ашылады.
- Мәдениет үйінің алдындағы алаңды абаттандыру жүргізіліп, онда менің ауданға қысқы сапарым кезінде мектеп оқушысы ұсынған голограмма пайда болады, - дейді аймақ басшысы.
Сондай-ақ, облыс басшысы аудандағы ауыл шаруашылығы саласында оң серпін байқалғанын атап өтті. Көктем ерте келгендіктен егу жұмыстар ерте басталып, қазірдің өзінде күнбағыс күшіне енген екен.
- Май тұқымдарын өңдейтін екі ірі кәсіпорын ашуымыз - бұл жақсы нәтиже. Шаруашылықта барлық қажетті техника бар жас аграршыларға баса назар аударуымыз керек. Дәл осылай біз жүйені тұжырымдамалық түрде өзгерте аламыз, - дейді Даниал Ахметов.