Дәрігерлерге демеу болды – Өскемен
![](/kz/uploads/posts/iblock/82f/82feb3f96e150bf2a454e78df2730013.jpg)
«Nur Otan» партиясының Өскемен қалалық филиалы 1-ші қалалық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесіндегі медицина қызметкерлеріне жеміс-жидек пен тәтті тағам жеткізіп берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш мекемеде 70-ке жуық дәрігер мен медбике үш апта бойы арнайы бөлінген жатаханаларда COVID-19 вирусын жұқтырған науқастарды емдеуде. Партияның белсенділері ақ халатты абзал жандарға қолдау білдіріп, осындай игі бастама көтерді. Бұл іске парияның жақтастары, жомарт азаматтар қаржылай көмек көрсеткенін айта кету керек.
Жалпы мұндай іс-шаралар жұқпалы аурулар бөлімшесі бар басқа да ауруханаларда жасалып жатыр.