KZ
Өскемен
+17°
пасмурно жел 9 м/с, ОБ
481.84 531.33 5.07

«Алматы-Өскемен» пойызы тоқтайтын болды

26.07.2020, 09:20 190

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго» қозғалысы екі бағыт бойынша уақытша тоқтатылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

№ 69/70 «Алматы-2 - Өскемен-1» бағытындағы пойыз Алматыдан жөнелтілуі 1 тамыздан бастап, Өскеменге келуі/жөнелтілуі 2 тамыздан бастап;

№ 51/52 "Алматы-2 - Орал" бағытындағы пойыз Алматыдан 2 тамыздан бастап, Оралдан келуі/жөнелтілуі 4 тамыздан бастап тоқтатылады.

Аталған пойыздарға билет алып қойған жолаушылар жол-пұлын толығымен қайтарып ала алады.

Билеттер үшін төлемдерді қайтару билетті алу тәртібі мен сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив