"Ешқандай қисынға сай келмейді": Тоқаев үкіметке бірнеше тапсырма берді
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада өткен селекторлық кеңес барысында ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесін көтерді.
Президент ауыр дертке шалдыққан азаматтардың саны көбейіп кеткеннен кейін ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету мәселесінің күн тәртібіне шыққанын айтты.
"Мемлекеттік органдардың тарапынан үйлестіру жұмыстары дұрыс жүргізілмегендіктен, халық бұл мәселені өз бетімен шешуге талпынуда. Бұл ешқандай қисынға сай келмейді! Азаматтар өндірістік баллондарға құйылған оттегі сатып алып жатыр. Бұл ауруханалардың тікелей міндеті. Жеке үйлер мен пәтерлерде өндірістік баллондарындағы оттегіні пайдалану деректері анықталған", - деді Тоқаев.
Мемлекет басшысы үкімет пен әкімдерге бес күн ішінде ауруханаларды оттегімен қамтамасыз ету және үй жағдайында оттегі баллондарын пайдалану проблемаларын шешуді тапсырды.