KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 2,6 м/с, ОШ
481.84 531.33 5.07

Президент кеңесшісі 2 миллионға жуық қазақстандық коронавирус жұқтырғанын айтты

18.07.2020, 10:40 78

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың штаттан тыс кеңесшісі Олжас Құдайбергенов елде коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастардың жалпы санын есептеп шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экономист Facebook парақшасындағы жазбасында денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус статистикасына сенімді қайтару үшін алғашқы қадамды жасағанын атап өтті. Ол сондай-ақ індетке қатысты өз есебін жариялады.

"Қазір коронавирус жұқтырғандардың ресми статистикасы 67 мыңды көрсетіп отыр, ал пневмониямен ауыратындар саны – 234 мың (1 қаңтардан 15 шілдеге дейін), егер пневмонияның таза өсімін алсақ, онда ол шамамен 163 мыңға жуықтайды. Жалпы 67 + 163 = 230 мың адам коронавируспен ауырған. Бұл минимум", - деп жазды Құдайбергенов.

Оның айтуынша, егер өсімді емес, тұтас көрсеткішті алсақ, онда 230 мың емес, 301 мың адам (коронавирус 67 мың + пневмония 234 мың) коронавируспен ауырған және жазылған деуге болады.

"Бұл жерде ПТР-тестілеуден өткен, ауруханаға өздері барған адамдарды айтып отырмыз. Әрине, үйінде емделген адамдар бар, бірақ оларға  қатысты қандай сан шығатыны әзірге белгісіз. Ауруханаға індеттің белгілері бар науқастар хабарласқанын, ал 85%-і симптомсыз ауырғанын ескерсек, 2 миллионға жуық қазақстандық жазылған немесе ауырып жатыр", - деп болжады Олжас Құдайбергенов.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив