ШҚО-да өткен тәулікте 133 адамнан коронавирус анықталды
![](/kz/uploads/posts/iblock/207/20729209bc4ec928c1779a9cd057aeec.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 133 адамнан коронавирус анықталды. Оның ішінде 60 адамның сырқаты симптомсыз, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Ал ел көлемінде өткен тәулікте 1674 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Оның ішінде 863 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы болып тіркелді.
Аймақтар бойынша (жалпы/симптомсыз):
Нұр-Сұлтан қаласы - 204 / 83
Алматы қаласы - 219 / 126
Шымкент қаласы - 76 / 40
Ақмола облысы - 43 / 24
Ақтөбе облысы - 53 / 28
Алматы облысы - 88 / 55
Атырау облысы - 218 / 176
Шығыс Қазақстан облысы - 133 / 60
Жамбыл облысы - 87 / 46
Батыс Қазақстан облысы - 101 / 61
Қарағанды облысы - 100 / 36
Қостанай облысы - 49 / 21
Қызылорда облысы - 74 / 36
Маңғыстау облысы - 41 / 25
Павлодар облысы - 63 / 20
Солтүстік Қазақстан облысы - 95 / 7
Түркістан облысы - 30 / 19
Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 65188.