KZ
Өскемен
-30°
туман жел 1 м/с, СШ
511.18 530.6 5.28

"Жұп және тақ" Өскеменде сенбіден бастап қайтадан қозғалыс шектеледі

25.06.2020, 10:27 268

27 маусымнан 11 шілдеге дейін Өскемен қаласында қозғалыс қайтадан шектелетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен брифингте Өскемен қаласының бас санитарлық дәрігері Михаил Дерябин мәлімдеді.

 Өскемен қалалық Полиция басқармасы басшысының бірінші орынбасары Жандарбек Ахметжановтың айтуынша, бұл жолы қаланың шыға берістеріне ешқандай блокпосттар қойылмайды, дегенмен қала іші және саяжайлар аумағы қатаң патрульдік бақылауға алынбақ.

 -Өскемендіктер әдеттегідей жұп және тақ күндер карточкалары бойынша көшеге шыға алады. Карточкалар мен арнайы рұқсатнамаларды қайта алудың қажеті жоқ, барлығы базада тұр, деді қалалық полиция басшылығы.

Азық-түлік сататын дүкендер 8-00 мен 20-00 аралығында жұмыс істейді. Азық-түлік сатпайтын сауда нысандарының жұмысы кешкі 17-00 ге дейін шектеледі. Парктердің барлығы жабылады.

Түнгі 22-00, таңғы 5-00 аралығында жаяу адам болсын, автомобиль болсын барлық қозғалысқа тыйым салынады. 

 Бирфингте сонымен қатар өндірістік кәсіпорындардың жұмысы тоқтамайтынын, техникалық қызмет көрсету орындары өз жұмыстарын жалғастыра беретіні айтылды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу