Аграрлық саясат ауданның экономикалық өсуіне әсер етеді – Алтай ауданының әкімі
Алтай ауданының әкімі Қалиқан Байғонысов кәсіпкерлермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Кездесуге «КТ Зыряновское» ЖШС, ШҚО бойынша «Фонда развития предпринимательства «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының», «Банк ЦентрКредит» АҚ, «Jysan Bank» АҚ өкілдері қатысты. Жиын барысында мемлеттік қолдау шараларының талаптары мен механизмдері, сондай-ақ, «Қарапайым заттардың экономикасы» және «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламалары бойынша жобалардың субсидиялау мен кепілдендіру талаптары талқыланды.
- Бұл мәселелер менің жеке бақылауыма алынды. Мемлекеттің аграрлық саясатын жүзеге асыру ауданның экономикалық өсуіне және агроөнеркәсіптік кешенінің салаларында жаңа сапалы деңгейге жетуге әсер етеді, - дейді Қалиқан Байғонысов.
Аудан басшысының айтуынша, бүгінгі аграрлық саясат облыстың азық-түлік нарығының сапалы өніммен қамтылуына, тұқым өсіру шаруашылығының дамуына, дәнлі-дақылдар өсіруге, асыл тұқымды мал шаруашылығының, фитосанитардық қауіпсіздіктің дамуына жағдай жасайды.