KZ
Өскемен
-26°
туман жел 1 м/с, С
515.31 533.96 5.3

Осы күнге дейін «қызыл паспортпен» жүргендер – ШҚО

10.06.2020, 05:20 62

Шығыс Қазақстан облысында тұрып жатқан екі азамат осы уақытқа дейін кеңес үкіметінің паспортымен өмір сүріп келген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Олардың біреуі облыс орталығында тұрады. 53 жастағы ер адамның 1984 жылы берілген паспорты ғана бар болып шықты. Ол кеңес одағы тарап кетсе де, қызыл паспортымен қоштасуға асықпаған көрінеді. Өскемендегі көші-қон қызметінің мамандары екі апта ішінде оған жеке куәлік табыстап, туу туралы куәлігінің көшірмесін жасатып, еңбек өтілін растайтын архивтік анықтама алып берген.

Ал екіншісі – Жармада. Көші-қон қызметінің аудандағы бөлімшесіне барған ол, 1974 жылғы паспорты ғана барын айтып, азаматтық алуға өтініш білдірген.  Алайда мамандар көмек көрсетсе де, тұрмыстық қиындықтарға байланысты жеке куәлікті рәсімдей алмаған көрінеді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу