KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 7 м/с, ОШ
529.65 544.64 5.16

ШҚО-да халық саны азайды

5.06.2020, 10:40 205

1 сәуірдегі жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1 миллион 368 мың 117 адам тұрады. Жыл ішінде халық саны 9408 адамға немесе 0,7%-ға азайды, деп хабарлайлы ШҚО Статистика департаменті.

Шығыс Қазақстан облысы жалпыреспубликалық көрсеткіштің 7,3%-ын құрай отырып, тұрғындар саны бойынша Алматы, Түркістан облыстарынан, Алматы қаласынан және Қарағанды облысынан кейін бесінші орынды алады.

Шығысқазақстандықтардың үлесінің көбі, 62%-ы – қала және 38%-ы ауыл тұрғындары. Жалпы халық санынан 2020 жылдың 1 сәуіріне 653,2 мың ерлер (47,7%) және 714,9 мың әйелдер (52,3%) тұрады.

Айта кетейік, ШҚО-дағы халық тығыздығы 1 шаршы км-ге 4,8 адам шамасында келеді. Ең тығыз қоныстанған аумақтар - Өскемен (1 шаршы км-ге 642 адам) және Курчатов (1 шаршы км-ге 112 адам) қалалары. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу