ШҚО-да кене қаптап кетті
![](/kz/uploads/posts/iblock/92c/92c8e3f7122f808474e07e1982956f5f.jpg)
Шығыс Қазақстан облысында 12 мамырдағы жағдай бойынша кене шаққан 1630 адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық тауарлар мен қызметтердің сапасы және қауіпсіздігін бақылау департаменті мәлімдеді. Әсіресе Алтай, Глубокое, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Ұлан, Шемонайха аудандарында және Риддер мен Өскемен қаласында кене көп көрінеді. Соның ішінде энцефалит Катонқарағайда анықталды.
– Бұл зиянды жәндіктер – энцефалитті ғана емес, басқа да қауіпті инфекцияларды тасымалдаушылар. Мәселен облыс көлемінде кене риккетсиозын жұқтырудың төрт фактісі тіркелді. Олардың үшеуі – Зайсан ауданында, біреуі – Курчатов қаласында, – деп мәлімдеді ШҚО-ның бас санитар дәрігері Гүлайым Тағаева.