Өскеменде дүңгіршектерді құртып жатыр
Коммуналдық қызметкерлер автовокзалдың жанындағы дүңгіршектерді алып тастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Автовокзалдың алдындағы тротуар – адам аяғы арылмайтын жердің бірі. Сондықтан талай жылдан бері дүңгіршекті кәсіпкерлер саудасын дүрілдетіп келді. Қазір бұл алаңқай тып-типыл болды. Сондай-ақ енді қандай да бір нысан салынбайтын көрінеді. Оның орынына орындықтар қойылып, демалыс алаңына айналуы мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік желіде жазды.
Жалпы қалада архитектуралық талаптарға сәйкес келмейтін және рұқсат құжаттары жоқ дүңгіршектерді құрту жалғасуда. Бүгінгі дейін 250 дүңгіршек алынды.