KZ
Өскемен
ясно Штиль
479.23 534.96 5.16

ШҚО-да онлайн түрде келіндер байқауы өтіп жатыр

23.04.2020, 10:41 334

Шығыс Қазақстан облысында онлайн түрде келіндер байқауы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Аяулы жас келін» атты онлайн байқауға 18-29 жас аралығындағы нәзік жандар қатыса алады. Бұл туралы сайысты ұйымдастырып отырған жастар орталығының директоры әңгімелеп берді.

Бұл жалпы жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан байқау. Биыл енді онлайн түрде өтпек. 17 келін өтініш берді. Оның он екісі іріктеуден өтті. Алайда келесі кезеңге өткен бір қатысушы сайыс ережесін бұзғандықтан, орта жолда шығып қалды. Қалған 11 сайыскер «Келіннің бір күні» деген тақырыпта бейнежазба жолдады. Қазір әлеуметтік желіде «лүпіл» жинап жатыр. Сондай-ақ әділ қазылар алқасы да онлайн түрде баға беруде. Ертең бірінші кезең қорытындыланып, екіншіге көшеміз. Ол кезеңде келіндер қазақ халқының ұмытыла бастаған ұлттық тағамдарын жасап, бейнежазбамен жолдайды. Бұдан кейін қатысушыларды тағы екі кезең күтеді. Келіндердің өнерін тамашалау үшін жастар орталығының инстаграм әлеуметтік желісіндегі парақшасын бақылап отырыңыздар – дейді Арайлым Есімбекова.        

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив