KZ
Өскемен
-20°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

ШҚО-да баласына дұрыс қарамаған 61 адам жауапқа тартылды

14.02.2020, 05:42 97

Шығыс Қазақстан облысының тәртіп сақшылары «Тұрмыс» жедел алдын алу шарасы барысында 70-ке жуық берекесіз отбасыны анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында өткізіліп жатқан жедел алдын алу шарасының мақсаты – отбасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және тұрғылықты жері бойынша полиция бөлімінде тіркеуде тұрғандарды тексеру.

Бүгінде полицейлер тұрмыстық қарым-қатынаста заңсыздыққа жол берген 320 адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқан. Сондай-ақ 59 адам ішімдікке және есірткіге тәуелділіктен мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіліпті.

«Тексеру барысында 69 берекесіз отбасы анықталды. Кәмелет жасына толмаған баласына дұрыс қарамағаны үшін 61 адам жауапқа тартылып, 12 адам ата-ана құқығынан айырылды» делінген ведомство мәліметінде.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу