ШҚО-да отбасында жанжал шығарып, қол көтерген 240-тан астам азамат есепке қойылды
24-30 қаңтар аралығында «Тұрмыс» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр.
3 күн ішінде тұрғылықты жері бойынша 3 000-нан астам адам тексеріліп, 934 құқық бұзушылық анықталды, барлық фактілер бойынша тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
- Мұндай жағдайларда алдын-алудың тиімді шараларының бірі – «қорғау туралы нұсқама» шығару және «арнайы талаптар» белгілеу. Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында 241 отбасының шырқын бұзған азамат есепке қойылды, оларға қатысты «қорғау нұсқамалары» шығарылды, 74 адамға қатысты сот мінез-құлыққа «ерекше талаптар» белгіледі, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелесін шешу үшін Полиция департаменті 4 дағдарыс орталығымен тығыз өзара іс-қимыл жасайды, олардың 1-де уақытша тұру қарастырылған баспана бар. Дағдарыс орталығына орналастырылған адамдармен профилактикалық әңгімелер жүргізіледі, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті тұрмыстық зорлық-зомбылыққа тап болған жағдайда «102» жедел арнасына немесе 77-19-23 дағдарыс орталығына хабарласу керектігін еске салады.