KZ
Өскемен
-23°
плотный туман Штиль
521.6 534.27 5.25

Өскемен іргесіндегі ауылға автобус бармайды

12.02.2020, 05:39 77

Өскеменде қардың еруімен 946 ауланың 239-ы күрелді. Тазалық жұмысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі мен «КСК» қызметкерлерінің бірлесуімен іске асырылды.

Сондай-ақ Аблакет, Красин, Үлбі, Сол жағалау, 23-ықшамаудан сынды жер үйлер орналасқан аудандар күрелді. Ал аялдамалардың маңайы түнгі уақыттарда тазалануда.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар есеп беру жиынында баяндады.

Жиынға келгендер шаһар басшысысна сұрақ қойды.

– «Лесхоз» ауылынан келіп тұрмын. Бізде балабақша да, мектеп те жоқ. Біз №47 автобусқа міну үшін үш-төрт аялдама жаяу жүреміз. Бұл аралық таулы жол. Баламызды біресе жетектеп, біресе арқалап, жүгімізді көтере алмай қиналып, зорға жетеміз. Жол да тазаланбайды. Көктайғақ болып жатыр. Шынын айтайын, бізге ешкім ештеңе істеп жатқан жоқ, – деді тұрғын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу