Дәріханаларда медициналық маска таусылды – Өскемен
Өскемендегі дәріханаларда медициналық маска таусылды. Тұрғындар өздерінің түрлі инфекциялық аурулардан сақтанғысы келетінін айтып, бұл жәйтқа аса алаңдаушылық білдіруде.
– Бір адам 20-30 маскадан сатып алып кетіп жатыр. Маскалар сондықтан жетіспей жатыр, – деді дәріханашы.
Еске сала кетейік, жуықта Алтай қаласында бес мектепте карантин жарияланған болатын. Оған себеп: распираторлық вирус инфекциясы.
Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің хабарлауынша, жетіспей жатқан заттардың орыны осы айдың ішінде толтырылады.
Оқи отырыңыз