«5:0» Бауыржан Исламхан араб клубындағы алғашқы ойынында-ақ көзге түсті
Қазақстан құрамасының капитаны әрі алматылық «Қайрат» клубының экс-шабуылшысы Бауыржан Исламхан БАӘ чемпионатында «Әл-Айн» сапында алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Vesti.kz сайтының жазуына қарағанда, қазақстандық футболшының командасы «Әл-Васла» клубын өз алаңында қабылдаған.
Бауыржан алаңға 71-минутта есеп 3:0 («Әл-Айн» пайдасына) кезінде шықты.
Исламхан алаңға шыққаннан кейін «Әл-Айн» тағы екі жауапсыз гол салды, нәтижесінде ойын 5:0 есебімен аяқталды. Сондай-ақ алаң иелері бір ойыншыға кем ойнаған. Қазақстандық футболшы ойын барысында нәтижелі пастың авторы атанды.
Оқи отырыңыз