Семейде мас жүргізуші жол апатына түсті
Семейде көлікке мас күйде отырған жүргізуші жол апатына түсті. Полицияның ақпараты бойынша, ол көлік жүргізу құқығынан да айырылған екен, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Жол апаты Семейдің шетіндегі Восточный кентінің ауданында болған. 33 жастағы қала тұрғыны мас күйде «УАЗ» автокөлігін тізгіндеп, жол жүру ережесін бұзған. Қарама-қарсы жолға шығып кетіп, басқа автокөлікпен соқтығысады.
Кейін полиция қызметкерлері оның бұған дейін көлік жүргізуі құқығынан айырылған екенін анықтаған.
Оқи отырыңыз