Бүгін ШҚО-да ауа-райы бұзылады
Төтенше жағдай қызметі ШҚО аумағында дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
ШҚО ТЖД ақпараты бойынша, 28 қаңтарда ШҚО-да кей жерлерде боран соғып, қалың қар жауады және жолдарда көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін, ал кей жерлерде 23-28 м/с дейін жетеді деп күтілуде. Құтқарушылар тобы алыс жолға шықпауға кеңес береді.
Оқи отырыңыз