Өскемендік полицейлер көлік жүргізгендердің көмекшісіне айналады
Өскемендегі тәртіп сақшылары көлік жүргізгендердің көмекшісіне айналады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл ауа райының бұзылуына байланысты болып отыр.
– Полиция қызметкерлерінің барлығына бірдей тапсырма берілді. Олар ауа райы қолайсыз кездерде, қала тұрғындарына, әсіресе жүргізушілер мен жолаушыларға, бірінші болып көмек қолын созуы тиіс, – деп жазды қалалық полиция басқармасының басшысы Дәуір Ибраев Instagram парақшасында.
Яғни тәртіп сақшылар жол бойында әлдебір қиын жағдайға тап болған жандарға қол ұшын береді.
Оқи отырыңыз