Қазақстанда сүт өнімдері 7%-ға қымбаттады – Energyprom
Қазақстанда сүт өнімдерінің бағасы бір жылда 6,8% өскен. Бұл туралы energyprom.kz мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Сарапшылардың айтуынша, елімізде азық-түлік бағасы 8,2% қымбаттаған. Желтоқсан айының қорытындысы бойынша қол сүттің 1 литрі орташа есеппен 222 теңге, бір жыл бұрын 211 теңге болған екен. Ал 2018 жылы 228 теңге шамасында болған пастерленген сүттің 1 литрі – 251 теңге.
Energyprom сарапшыларының деректеріне сәйкес, елімізде сүт өндіру көлемі жылдан жылға өсіп келеді. Өткен жылдың 11 айында 509,3 мың тонна өңделген сүт пен кілегей шығарылған, бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 476,3 мың тонна болған.