KZ
Өскемен
-7°
пасмурно жел 3 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Өскемендегі халықты жұмыспен қамту орталығы басқа ғимаратқа көшеді

9.01.2020, 10:56 49

ШҚО әкімі Даниал Ахметов облыс орталығындағы халықты жұмыспен қамту орталығында болып, ғимараттың бүгінгі жағдайымен танысып, тұрғындармен тілдесті. Ғимарат дәліздерінің тарлығына көз жеткізген облыс әкімі алдағы уақытта мекеменің жаңа ғимаратқа көшірілетінін айтты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

⠀– Біз ең алдымен, келушілерге қолайлы жағдай жасауды ойластыруымыз қажет. Бұл мемлекеттік мекеме болғандықтан, халыққа тиімді қызмет көрсету керек. Өйткені бұл жерге күнделікті әлеуметтік көмекке зәру және арнайы күтімді қажет ететін адамдар келеді, - деді аймақ басшысы.

Аймақ басшысы бұрынғы медициналық жедел жәрдем ауруханасы ғимаратын жөндеуден өткізіп, қалалық жұмыспен қамту орталығын осы жерге көшіруді тапсырып отыр.

⠀– Бір айдың көлемінде қажетті құжаттар әзірленіп, жөндеу жұмыстарына тиісті қаржы бөлу мәселесін шешетін боламыз. Алдағы төрт-бес айда жөндеу жұмыстары толықтай аяқталып, заманауи, open space форматындағы жаңа ғимарат қолданысқа берілетін болады, - деді облыс әкімі.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу