ШҚО-ның ауруханасында еуропалық стандарт бойынша тамақтандырады
Жаңа жылдан бастап ШҚ облыстық ауруханасы еуропалық стандарт бойынша тамақтандыру жүйесіне көшті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Аурухананың стационарында таблет-тамақтандыру жүйесі енгізілді. Бұл технологияда әр науқасқа тамақ порциялық тағамдарға арналған табақтарда беріледі. Табақтар арнайы бокстарға орналастырылып, палатаға таратылады.
- Бұл тамақтандыру жүйесі дайын тағамдарды мөлшері , температурасы, диеталық талаптары бойынша стандарттар мен нормалар сақтай отырып, ұсынуға мүмкіндік береді. Әрбір науқастың жеке рационы есепке алынады, - дейжі облыстық медициналық бірлестіктің бас дәрігерінің орынбасары Борис Галич.
Облыстық аурухана еуропалық стандарт бойынша тамақтандыру жүйесін енгізген алғашқы медициналық мекеме болып отыр. Мұнда бұл жүйе бойынша әзірге кардиологиялық бөлімнің науқастары тамақтануда. Алдағы уақытта басқа бөлімдерге де енгізілмек.