KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 5 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Жас журналистке пайдалы 5 кітап

28.12.2019, 08:32 307

“Қазақстандағы практикалық журналистика 3.0”, 2017

Кітапта журналист, редактор, эксперт, заңгер барлығы – 17 автордың фактчекинг, мультимедиа, дата-журналистика, SMM сияқты медиа саласындағы соңғы трендтер мен жанрлар туралы ой-пікірі жазылған.

“Баспасөз релизі. Баспасөз конференциясы. Жұмыс тәжірибесі”, 2013
 

Қай саланың болмасын, қызмет немесе тауар ұсынатын ұйым, компанияның ісін алға жылжытып, табысын арттырушылардың бірі – баспасөз хатшысы. Оның қызметі – бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс. Бұқаралық медиамен байланыс бірнеше арна арқылы жүзеге асады. Солардың бірі – баспасөз конференциясын ұйымдастыру және өткізу. Бірақ баспасөз конференциясын өткізу үшін баспасөз релизін сауатты және дұрыс жазып, оны БАҚ-қа жолдау қажет. Осы қызметті мінсіз орындау үшін баспасөз хатшысына “Баспасөз релизі. Баспасөз конференциясы. Жұмыс тәжірибесі” оқу құралы көмекке келеді.

“Жаз әрі қысқарт”, 2018 – “Пиши и сокращай”
 

Авторлар Максим Ильяхов пен Людмила Сарычева ақпарат, жарнама, журналистік және публицистикалық мәтін жазуды үйретеді. Үйретіп қана қоймай, мысалдар келтіру арқылы қай мәтін жақсы, қайсысы қате жазылғанын көрсетеді. Бұл кітап орыс тілінде жазатындарға көбірек пайдалы. Дегенмен онда қазақтілді журналистерге мәтін жазуда көмектесетін кеңес те бар. Мысалы, “Журналистің мәтінінде не болмауы керек?”, “PR-маманның мәтіні қандай жағдайда құнды болады?” және сол сияқты тағы басқа сұрақтарға жауап беріп, мәтінді сапалы жазудың қыр-сырын үйретеді. Оқу құралы мәтінді барынша қысқа, түсінікті әрі ұғынықты етіп жазуға үндейді. “Пиши и сокращай” журналистерге ғана емес, маркетолог, PR-маман, копирайтер, редактор, блогер, мәтін жазумен айналысатын мамандарға арналған.

“Журналист шпаргалкасы”, 2016 – “Шпаргалка для журналистов”

Мадина Әлімханованың кітабы жас маманға журналистиканың барлық жанрында жазуды үйретіп, практикалық кеңес береді. Онда жас журналистің сапалы мәтін жазуға дағдылануына 60-тан аса жаттығу да берілген. Кітапты журналистика факультетінің студенттері өз бетінше оқуына және баспасөз қызметінің мамандарының БАҚ-пен жұмыс істеудің тиімділігін арттыру мақсатында оқуына болады.

“Фактчекинг журналистика зерттеуінің тренді: мүмкіндігі мен болашағы”, 2017

Украиналық фактчекер Александр Гороховскийдің оқу құралы қазақ және орыстілді оқырмандарға қолжетімді. Автор еңбегінде деректі тексерудің, жалған дерекпен күресудің негізгі тетігі болатын фактчекинг әдістемесін егжей-тегжей түсіндіреді. Жанр ретінде фактчекинг – қазіргі әлемдік медиаортада дезинформацияға жол бермеу мақсатында қолданылатын негізгі құрал. Ол жарияланған фактілер, фото мен видеоның рас-өтірігін анықтайды. Саясаткер, шенеунік және қоғам қайтаркерлерінің де ел алдында айтқан сөздері мен мәлімдемелерінің шындыққа қаншалықты жанасатынын тексереді, аңыздар, стереотиптер мен жалған ақпаратты әшкерелейді.

Оқулық журналистика факультетінің ұстаздарына, студенттеріне, медиасарапшыларға, ньюсмейкерлерге, блогерлерге және тағы басқа медиа саласында жұмыс істейтін маманның барлығына пайдалы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу