Семейлік полицей Самбодан өткен республикалық чемпионатта жүлдегер атанды
Полиция қызметкерлі Самбодан өткен республикалық чемпионатта жүлдегер атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт академиясында 21-23 желтоқсан аралығында даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырды еске алуға арналған самбо күресінен республикалық турнир өтті.
20 жыл бойы өткізіліп келе жатқан чемпионатқа Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен 13 облыстан жиылған 300-ге жуық балуан қатысты.
Чемпионатта 57 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Семей қалалық полиция басқармасы жедел қимыл арнайы жасағының инспекторы полиция аға лейтенанты Айдынбек Кульчубеков ІІ орынды жеңіп алып, республикалық турнирде күміс жүлдегер атанды.