KZ
Өскемен
+10°
ясно жел 6 м/с, СБ
483.23 534.74 5.12

"Оның жанарында ерекше сыр бар еді". Қоқыс полигонында түсірілген сурет

20.12.2019, 09:26 99

Сегіз жасар қыз баланың суреті Мексикадағы қоқыс үйінділерінің маңында түсірілген. Ерекше суреттің авторы - Джанет Джармен. Фотограф 1996 жылдың тамыз айында Мексикаға зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін сапарға аттанады. Тұрғындар фотографқа Америка мен Мексика шекарасы маңындағы Матаморос қалалық қоқыс полигонына баруды ұсынады. Толған қоқыс пен көк түтіннің ішінен Джанет қызды байқайды. Қыздың есімі – Марисоль. Ол өзінің отбасымен "Қоқысты қайта өңдеу орындарына" жарамды материал жинап жүрген. Сөз арасында Марисоль, фотографқа Америкаға көшкісі келетінін айтқан.

- Оның жанарында терең сыр бар еді, арман бар еді. Кенет анасы, қызына: «Фотоға түсші, мүмкін күндердің күнінде атақты болып кетерсің» деді, - дейді Джанет Джармен.

Марисоль суретке түсіп, фотограф қайта қалаға оралды. Анасының айтқаны айдай келіп, бұл сурет үлкен атаққа ие болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив