KZ
Өскемен
-9°
пасмурно жел 7 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Белтерек ауылында "Мәдениет үйі" ашылды - Жарма

18.12.2019, 05:30 95

Белтерек ауылының тұрғындары үшін биылғы жыл қуанышты жаңалықпен есте қалары анық. Өйткені көптен күткен мәдениет үйі ашылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Түрлі мәдени шаралардан 20 жылдай қол үзіп қалған ауыл тұрғындары осыдан біраз уақыт бұрын, аудан әкімі Ахметқали Нұрғожинге арыз-тілектерін айтқан. Осыған байланысты, аудандық бюджет есебінен ауылдағы ғимарат жөнделіп, қолданысқа берілді.

Ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықтылары Мәдениет үйінің лентасын кесіп, жиылған көпшілік назарына концерттік бағдарлама ұсынылды.

 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу