KZ
Өскемен
-11°
переменная облачность жел 1 м/с, С
522.63 548.66 5.07

Өскемен қаласының ішкі саясатын Қалқаман Сарин басқаратын болды

11.12.2019, 04:09 178

Белгілі ақын, Шығыс Қазақстан облысының тумасы Қалқаман Сарин Өскемен қаласының мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімін басқаратын болады. Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар фейсбук парақшасында жазды.

Қалқаман Сарин 1998 жылы Евразия ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2014 жылы аталмыш оқу орнының магистратурасын аяқтап, гуманитарлық ғылымдардың магистрі атанған.

Еңбек жолын ұстаздықтан бастап, 1998 жылдан 2008 жылға дейін Қазақ Ұлттық Музыка академиясында оқытушылық қызмет атқарған.

2008-2018 жылдар аралығында Евразия ұлттық университетінде оқытушы және ​ ректордың кеңесшісі болып еңбек етті.

2018-2019 жылдары «Шалқар» ұлттық радиосының директоры қызметін атқарған.

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қалқаман Сарин шығармашылықта да мол табысқа қол жеткізген.

Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты.

«Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы.

ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры сыйлығының лауареаты.

Айта кетейік, Қалқаман Сарин бұған дейінгі оқырмандарымен кездесуде Өскеменге қызмет үшін келгенін айтқан. Алайда қандай қызмет екенін жасырын қалдырған болатын.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу