KZ
Өскемен
-22°
туман жел 2 м/с, ОШ
518.14 537.57 5.27

Жалаңашкөл стансасы қашан жөнделетіні белгілі болды

10.12.2019, 08:10 71

Кеңейтілген аппарат кеңесінде Жалаңашкөл стансасы қашан жөнделетіні айтылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– «Қазақстан Темір Жолы» акционерлік қоғамына Жалаңашкөл стансасы перронының мәселесі жөнінде хат жолдадық. Олар станса 2021-2022 жылдары жөнделетінін айтты, – деді Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов.

Оның айтуынша, облыс аумағындағы 1243 шақырым теміржол бар. Сондай-ақ үш вокзал мен 18 станса жұмыс істейді. Вокзалдар мен стансалар «Қазақстан Темір Жолының» қарауына жатады.

Айта кетейік, Алакөлге пойызбен барғандар Жалаңашкөл стансасынан түседі. Демалушылар бұған дейін стансаның жағдайы нашар екенін сан рет айтып шағымданған.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу