Халықаралық әуежайда мүгедектерге арналған лифт жұмыс істемейді - Семей
Семей халықаралық әуежайында мүгедектерге арналған лифт жұмыс істемей тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы шаһар тұрғындарының бірі «Instagram» желісі арқылы шағымданған. Тіпті бейнежазба да жүктепті.
- Семейдегі әуежай. Мүгедектерге арналған лифттың есігін ашқанымыз үшін бізге ұрсып жатыр. Лифт жұмыс істемейді. Міне осылай көтеріп шығуға тура келеді. Әкімшілік қайда қарап отыр, - деп күрсінді бейнежазба авторы.
Осы мәселеге байланысты әуежайдың әкімшілігіне хабарласқан едік, ондағы жауапты тұлғалар лифтің жұмыс істеп-істемейтінінен хабарсыз болып шықты.
Естеріңізге сала кетсек, Семей қаласындағы әуежайды толық жаңғыртып, халықаралық талаптарға сай қайта жөндеу үшін бюджеттен қыруар қаржы бөлініп, нысан өткен жылы қолданысқа берілген болатын.