KZ
Өскемен
+3°
пасмурно жел 3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Өскеменде салығы төленбеген машиналарға "ерекше құрмет" жасалатын болды

9.12.2019, 08:57 134

Салығы төленбеген көліктерге сары баннер жапсырылып, қала ішімен жүргізіледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскеменде полицейлер, салық қызметкерлері мен жеке сот орындаушылары бірігіп «Борышкер» операциясын бастады. Ресми деректерге сүйенсек, қала бойынша көлік салығын төлемеген 7000-ға жуық жүргізуші бар. Олардың жалпы қарызы 196 миллион теңгеден асып жығылады.

Борышкерлердің көліктері қарыз төленбейінше айыппұл тұрағына жабылады. Сондай-ақ, ондай көліктерге сары баннер жапсырылып, қала көшелерімен жүргізіледі. Баннерде - "Салықты төлемегені үшін" деген жазу болады.

Қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының хабарлауынша, қазір айыппұл тұрағында 17 көлік тұр. Олардың қарызы 170-175 мың теңге.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив