KZ
Өскемен
-25°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Үш баланың анасы банкке 55 млн теңге қарыз болып қалған - ШҚО

6.12.2019, 09:35 62

Өскемен тұрғыны Әсия Ахметова үш баланың анасы. 2013 жылы Серебрянск қаласына көшіп барып, банктен несие алып, жеке кәсіп бастайды. Балалар дәмханасын ашып, ісін ілгерілеткен ол, бірінші қабаттан шағын 3D кинотеатр ашпақ болады. Осы мақсатта қалалық кәсіпкерлік бөлміне жүгініп, «Бірлік» кредиттік серіктестігіне қосылып 3 миллион теңге көлемінде несие алады. Ал үш жылдан кейін үш миллион елу бес миллионға айналып отыр.

Себебі Әсия өз берешегін толық өтесе де, серіктестіктің бірқатар мүшелері несиелерін төлемей келген. Тіпті шетел асып кеткендері де бар көрінеді. Ал үш баланың анасының шоттарына шектеу қойылған. Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алсам деген арманы да аяқ асты болып отыр. Әсия Манарбекқызы дәл осы мәселе бойынша облыс әкімі Даниал Ахметовтың қабылдауында болды.

– Меніңше, мәселенің мән-жайы анық. Сол себепті үш баланың анасын үй банктің шектеулерінен босату керек. Сот істі қайта қарап, жағдайды тез арада реттеуі тиіс. Адамдарға қиындық тудырмаңдар, жағдайды жете түсініп, барлық белгілеген заң аясында дереу реттеуге тырысыңдар, – деп тапсырды Д.Ахметов.

Аймақ басшысы сондай-ақ Әсияның «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер алуына мүмкіндік беру керектігін айтып, жауапты мамандарға тапсырма берді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу