Үздік жастар марапатталды - Жарма
Жармада Жастар жылын қорытындылауға арналған салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Салтанатты шара Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылыпты. Аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин жиылған қауымды құттықтап, жылы лебізін білдірді. Кеш барысында аудан әкімі 11 номинация бойынша үздік шыққан жастарды марапаттады. Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасты.