KZ
Өскемен
небольшой снег жел 3 м/с, В
491.71 529.97 5.05

Өскеменнің №1 емханасы облыстық ауруханаға қосылады

4.12.2019, 06:03 356

Жаңа жылда Өскемен қалалық №1 емхана облыстық ауруханаға қосылады, деп хабарлайды ustinka.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 қаңтардан бастап Өскемен қалалық №1 емхана (Әуезов даңғылының бойындағы) облыстық ауруханаға қосылады. Облыстық емхана Бас дәрігерінің орынбасарының айтуынша, бұл өзгеріс пациенттерге ешқандай кедергі келтірмейді.

– Пациенттерге қызмет көрсету жүйесі өзгермейді. №1 емхана тіркелген адамдар облыстық емханаға қарала береді, – деді Михаил Бугайцов. Оның айтуынша, қызметкерлер жұмысы қысқартылмайды.

Облыстық емханада тамыр ішінде операция жасау, интервенциялық кардиология, трансфузиология сынды, жалпы саны 16 құрылымдық бөлім бар.

– Екі емханада бірдей болған бөлімдер біріктіріледі. Қалалық аурухананың ғимаратында қысқартылған бөлмелерге алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем көрсететін бөлім орналасады. Жалпы айтқанда, бөлімдер негізінен бұрынғы мекенжайларында қалады. Пациенттерді баяғыша Әуезов, 18 бен Потанин 4 мекенжайында қабылдаймыз, – деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Райфа Сафиоллинова.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив