KZ
Өскемен
+20°
небольшая облачность жел 3 м/с, З
478.96 533.03 5.22

Өскеменде тегін дәрі-дәрмектерді қай жерден алуға болады?

22.02.2018, 07:53 161

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы қаламызда қандай орындардан тегін берілетін медициналық препараттарды алуға болатынын хабарлады.


Төмендегі медициналық мекемелерде тегін дәрі беретін дәріханалық пункттер жұмыс істеп тұр:


«№2 қалалық емхана», Буров көшесі, 61;

«№1 қалалық емхана», Әуезов көшесі, 18;

«Авиценна ШҚО Отбасы денсаулығының орталығы», Белинский көшесі, 36;

«Сол жақ жағалау» мекемесі, Сәтпаев даңғылы, 34/1;

«Амбулаториялық орталық» Абай даңғылы, 18;

«Ем Алу плюс» ЖШС, Согра көшесі, 223/8;

«Вита-1» ЖШС, Ворошилов көшесі, 156;

«Денсаулық дәрігерлік амбулаториясы» ЖШС, Буров көшесі, 53.


«№1 қалалық емхана» дәріханалық пункті «Отбасылық амбулатория» мекемесіне тіркелген тұрғындарға қызмет көрсетеді.


«№2 қалалық емхана» Меновное ауылындағы дәрігерлік амбулатория мен «ОДА МСБ-2» мекемесіне тіркелген тұрығндарға қызмет көрсетеді. Жақын арада Меновное ауылындағы дәрігерлік амбулаторияның жанынан дәріханалық пункті ашылады.


«Сол жақ жағалау» мекемесінің дәріханалық пункті «Ана мен бала орталығының» балаларына қызмет көрсетеді. Орталықтың педиатрия учаскелік қызметінің емханасынан пункт ашуға орын бөлініп, лицензия алуға құжаттар дайындалып жатыр.


Защита ауданының тұрғындарына «Апаттар медицинасының теміржол госпитальдары» - «Защита темір жол ауруханасы» қызмет көрсетеді.


 


 


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив