KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

ШҚО тұрғыны шахматтан халықаралық чемпионатты жеңді

3.12.2019, 11:28 57

Семейлік Болат Қабжанов мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан халықаралық чемпионатты жеңді. Жарыс Испанияның Торревьеха қаласында алғаш рет өтті. Жеңімпазды бір топ жанкүйері әуежайдан қарсы алды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– Партиялар өте қиын болды. Қарсыластарым да мықты. Дегенмен де менің жолым болды. Халықаралық жарысқа сегіз елден 20 спортшы қатысты. Чемпионат Швейцар жүйесі бойынша шахматтың екі түрінен өтті, – деді 62 жастағы шахматшы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу