KZ
Өскемен
-23°
плотный туман жел 1 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Онкология Өскеменнің ғана емес, бүкіл әлемнің проблемасы - Даниал Ахметов

22.11.2019, 09:23 56

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында облыс әкімі Даниал Ахметовтың баспасөз мәслихаты өтті. Жиынның тақырыбы – Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Журналист сұрағы: «Өңірде өнеркәсіп үш есе өсіп, дамып жатқанын айттыңыз, яғни бұл экология одан сайын бұзылады деген сөз. Өскемен Совет одағы кезінен бері обыр ауруы көп қала. Қазір де қаланың басты мәселесі – онкология. Айтыңызшы, ондағы алпауыт кәсіпорындарды қалада тазарту құрылысын салуға міндеттей алмайсыз ба? Олар жыл сайын үсті-үстіне артып жатқан табыстарынан тазартатын құрылысқа қаражат бөлмей ме? Әлде әлі де халықты «КШТ-ға», басқа да кәсіпорыннан алшақ аудандарға көшіре береміз бе? Бұл қала туралы тіпті қазір анекдот та шықты. Былай дейді: «Терезені жауыңдар, бүгін бала тумаңдар!». Расымен солай ғой?».

Даниал Ахметов жауабы: «Ешбір тарапқа жақтаспай, бейтарап айтар болсам, біздегі біраз мәселе ескі технологиялардың салдарынан болды. Оны сіздер жақсы білесіздер. Біз қазіргі уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен ескі технологияларды алмастыру бағытында бағдарлама бастадық. «Қазцинк» кәсіпорыны іске асырып жатқан бұл бағдарлама Экология министрлігінде сараптамадан өткізілуде. Бұл – бір. Бұдан бөлек кейінгі бес жылда экологияны қорғау үшін 27 миллиард теңге бөлінді. Оның 12 миллиарды «Қазцинкке», 4,1 миллиарды көмір электр стансасына бөлінді. Соның арқасында Өскеменде ауаға жайылатын зиянды қалдықтардың мөлшері 61 мың тоннадан 54 мыңға дейін түсті.

Енді рак ауруы жайына келсек, бұл – бір Өскеменнің емес, әлемнің проблемасы. Біз жоғарыда айтқан қаражаттың белгілі мөлшерін емханаға МРТ, компьютерлік томография сынды жаңа құрал жабдықтар алып, дәрігерлерді шетелдерге оқуға жіберуге жұмсап жатырмыз. Алдағы уақытта Семейдегі радияциялық медицина орталығын да қамтамасыз етеміз. Содан кейін облыс тұрғындары емделу үшін, Корея, Ресей елдеріне емделуге шекара асып кетпейді».

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу