Жарма ауданында үш нысан халық игілігіне берілді
2019 жылғы 15 қараша күні Шалабай ауылында әлеуметтік әріптестік аясында бірқатар нысан халық игілігіне берілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
1200 тұрғыны бар ауыл үшін бұл нысандардың ашылуы үлкен қуаныш «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны» ЖШС 7,5 миллион теңге қаржыға мерекелік шараларда бас қосатын орталық алаңды жабдықтады.
Сондай-ақ 3,5 миллион теңгеге балалар үшін ойын алаңқайын салды.
Ал, жергілікті «Шалабай» ЖШС 10 миллион теңгеге көп жылдар қабырғасы қақырап тұрған нысанды иеліктеріне алып, тойхана ретінде іске қосты.
Көпшілік қуанышымен бөліскен аудан әкімінің міндетін атқарушы Е.Бексұлтанов, қос серіктестікке алғысын жеткізді.