Қарағайлы мен Энергетик аудандарын қосатын жол салынады - Семей
Шағын аудан аумағының кеңеюіне байланысты «Қарағайлы-Энергетик» арасына жол салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің мамандары мәлім етті.
Баспасөз мәслихатында Қарағайлы ауданының даму жоспары жайлы сөз қозғалды. Құрылыс бөліміндегілердің айтуынша, ықшамаудандарды қосатын жол салу қажеттілігі туындап отыр.
- Біз 33 тұрғын үй құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге конкурс жарияладық. Олар тас жол бойында яғни Энергетик ауданына қарай салынады. Біз биыл сараптамадан өттік, келесі жылы жол құрылысы басталады, - деп атап өтті мамандар.
Айта кететін жайт, қазір Қарағайлыда 297 пәтердің иесі бар. Сондай-ақ 486 пәтер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша сатылған.