«Менің тапсырмам орындалмады» - Тоқаев азық-түлік бағасы туралы айтты

Мемлекет басшысы Қазақстанда бағаның белгіленуіне қатысты бақылау жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, министрліктер бағаның өсу деректерін тіркеп, оның себебін валюта бағамының құбылуына, ауыл шаруашылығының маусымдық сипатына сілтеп отыр.
- «Осылай халықтың нақты табысын көтеру бойынша жасалған шаралардың барлығын жоққа шығарады. Бұл бағаны белгіленуде тиісті бақылаудың жоқ екенін көрсетеді. Экономика, ауыл шаруашылығы, сауда және интеграция министрліктерінің арасында үйлесім жоқ. Әкімдер бұл жұмыстан шеттеліп қалған. Тұрақтандыру қоры нарықты тұрақтандырып отырған жоқ. Бағалардың мөлшері бақыланбайды. Яғни, менің тапсырмам орындалмады», - деді мемлекет басшысы.