KZ
Өскемен
-14°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
518.14 537.57 5.27

ШҚО Еңбек инспекциясы "Бұқтырма цемент компаниясын" тексеріп жатыр

12.11.2019, 09:16 140

ШҚО Еңбек инспекциясы "Бұқтырма цемент компаниясын" тексеріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы аймақ басшысы Даниал Ахметов мәлім етті.

Аталмыш ұйым 1 қарашадан бастап 79 жұмысшыны жұмыстан шығарып жіберген. Жұмысшылардың айтуынша, қырқарту не себепті болғаны белгісіз. Тіпті бұл шешім туралы ескертілмепті. Осыған байланысты жұмыссыз қалған 79 адам әлеуметтік желі арқылы наразылықтарын жеткізген болатын. Солардың бірі - Анна Думбаева. Бірде бір ескертусіз және тиісті төлемсіз жұмыстан шығып қалған Аннаның шағымына облыс әкімі жауап берді.

- Бір-ақ күнде жұмыссыз қалған Жаңа Бұқтырма және Октябрьск кенті тұрғындарының мәселесі қаншама азаматты бей-жай қалдырмағанын көріп отырмын. ШҚО мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы «БЦК» ЖШС тексеруге барады. Мамандар кәсіпорынның лауазымды тұлғалары жасаған әрекеттің заңдылығын тексереді. Нәтиже 10 күннен кейін дайын болады. Ол туралы өз парақшамда жазамын, - деді әкім өз жазбасында.

Сондай-ақ, Алтай ауданы әкімдігіне жұмыссыз қалған тұрғындарды тез арада жұмысқа орналастыруын тапсырды. Ал еңбек инспекциясы қысқартудың заңнамалық нормаларын тексеретін болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу