KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, В
495.95 524.37 4.98

"Дулатов көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын" – Семей

6.11.2019, 04:12 198

Дулатов көшесіндегі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын,  деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық «Семей су арнасы» МКК директоры Еркін Сағандықов мәлім етті.

Биыл Еуропалық қайта құру және даму банкі арқылы Семейдің бірқатар көшелерінде су құбырлары қалыпқа келтірілген болатын. Банк арқылы жүзеге асырылған 4 жобаның жалпы құны 502 миллион теңге. Оның ішінде Дулатов көшесі де бар. Осыған байланысты мердігер компания жөндеу жұмыстарының аяқталар уақытын айтты.

-        Дулатов көшесіндегі су құбырларын ауыстыру жұмыстары жақын арада аяқталады. Өйткені ең негізгі жұмыс атқарылып қойған. Енді қазылған жерді қалпына келтіру қалды. Ауа райына байланысты, жол келер жылы салынатын болды, - дейді «Семей су арнасы» МКК директоры Еркін Сағандықов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу