Ұландық спортшылар Әлем чемпионатында топ жарды
Ұлан ауданының спортшылары тағы да биіктен көрінді. Румынияның Констанца қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында ұландық қол күрес шеберлері қос алтын медальға ие болды.
Дәлірек айтсақ, 26 қазанда жалауын желбіреткен 41-ші жаһандық додада ел құрамасы сапында жерлестеріміз Ораз Басаров пен Деши Дурсаева өнер көрсеткен болатын.
Айта кетейік, Привольное ауылының қос спортшысы осының алдындағы Әлем біріншіліктерінде де мықтылығын дәлелдей білді. Дәліре айтсақ, Ораз бұған дейін төрт, ал Деши екі рет Әлем чемпионы атағына ие болған. Енді міне қоржындарына тағы бір алтын медальдан салды.
Осы ретте саңлақтарды байрақты бәсекелерге дайындаған жаттықтырушы Ерлан Уәлиевтің еңбегін ерекше атап өткеніміз де абзал.