Вашингтон әуежайының маңында шағын ұшақ өзенге құлады
Фото: 7News
АҚШ астанасы Вашингтонда шағын ұшақ Потомак өзеніне құлады,- ,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі kaz.inform.kz порталына сілтеме жасап.
Апат Ақ үй мен Капитолийден оңтүстікке қарай төрт шақырымдай жерде орналасқан Рональд Рейган әуежайының маңында болды.
Әуежай рейстерді уақытша тоқтатты. Ұшақ бортында кем дегенде 64 адам, оның ішінде 60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі болған.
Вичитадан Вашингтонға жоспарлы рейспен ұшып келе жатқан ұшақ қонуға келе жатқанда әуеде әскери тікұшақпен соқтығысты, деп хабарлады АҚШ Федералдық авиация әкімшілігі (FAA).
Оқи отырыңыз