KZ
Өскемен
-7°
небольшой снег жел 1 м/с, З
519.28 540.05 5.31

Алдағы мерекелермен бірге дағдарыстың тағы бір толқыны келеді

1.11.2019, 09:42 94

Жыл басында ғана баға мен тариф негізсіз көтерілмейді, Үкімет тапсырма берді деп жарысып жазып едік. Жыл аяқталмай жатып, облыста басқа тауарларды айтпағанда, нан мен жылу энергиясының құны өсті.

Баға бақылауда ма?

Нан бағасын ұстап тұру үшін, сондай-ақ әлеуметтік аз қамтылған топтарға қолжетімді ету мақсатында облыстық әкімдікте тиісті шаралар қолға алынды. Тек нанның емес, әлеуметтік маңызы бар 19 азық-түлік түрінің бағасы бақылауға алынған.

Сондай-ақ Өскемен қаласы әкімдігі бірінші сұрыпты нанды төмен бағамен сату жөнінде бірнеше өндірушілермен меморандумға қол қойды. 65-75 теңге тұратын нан әлеуметтік сөрелер мен өндірушілердің сауда нүктелерінде саудалануда.

Ал облыстық тұрақтандыру қоры арзан бағамен сатылатын төрт көкөністің түрімен қамданып жатыр. Бүгінгі күнге қорға 5700 тонна көкөніс сатып алынды. Сондай-ақ тұрақтандыру қоры өнімдерінің қатарына енгізілген қант бағасы әзірге өңірде қалыпты. Бір келісі 235 теңге тұратын қантты облыс орталығының 13 сауда нүктесінен сатып алуға болады.

Жуықта Семей қаласының 11 сауда орнында да қант осы бағамен нарыққа шықпақ.


Алда тағы бір толқын...


Баға бақылауда десек те, өзге де маңызы бар тауарлардың құны өсіп бара жатқандығын көзіміз көріп отыр.

Бұл мәселенің бар екенін билік те мойындайды. Инфляцияның артуына жол бермеуге жауапты құрылымдардың бірі Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев азық-түлік тауарлары бағасы¬ның өсуі 2017 жылдың басынан бері ең жоғары шегіне жеткенін растады. Сонымен бірге оның мәліметінше, елімізде инфляцияға ең көп үлесті азық-түлік бағасы құрайды. Соңғы үш жылдағы ол ең жоғары көрсеткішке (9,1%-ға) жетті.

Ұлттық банк төрағасы елімізде азық-түліктің қымбаттануына әлемде ет пен ас¬тық бағалары өскендігі әсер еткендігін айтады. Содан да болар отандық кәсіпкерлердің назары сол жаққа ауыпты.

Қазақстанда тек баға ғана емес, сонымен қатар шетелдік валюта құны да шарықтап тұр. Бұл да бағаның өсуіне бір сылтау. Е.До¬саевтың мәліметінше, қыркүйек айының басынан 11 қазанға дейінгі аралықта 1 АҚШ долларына шақ-қандағы ұлттық валютаның бағамы 385,27 теңгеден 390,12 теңгеге дейін құн¬сызданған. Сөйтіп, тарихи рекордты бағындырды.

Бірнеше толқынмен жүретін еліміздегі қымбатшылықтың келесі соққысы алдағы мерекелер қарсаңында күтілуде. Сондықтан Үкімет жауапты министрліктер мен әкімдерге тұтыну тауарларының бағаларын қатаң бақылауды жүктеді.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу