KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 1 м/с, С
479.23 534.96 5.16

"Еңбекақысы 12 мың теңге" Ауылдағы пошташының жағдайы

31.10.2019, 09:46 131

"Еңбекақысына 12 мың теңге алатын адамды көрдіңіздер ме? Мен көрдім", деп жазады "Дидар" газетінің тілшісі Жанаргүл Мұқатай Фейсбук әлеуметтік желісіне.

- Аягөз ауданының қиыр шетіндегі, аудан орталығының өзінен 270 шақырымда жатқан Емелтау ауылдық округінің пошташысы Мұратбек Жұманов бүкіл бір округтің газет,журналын, зейнетақысын, еңбекақысын, қысқасы пошта көрсететін қызметтің бәрін атқара отырып осы еңбегіне 12 мың теңге алып отыр,-деп жазады ол. - Округтегі несие алған тұрғындардың несие ақшаларын да Жұманов ай сайын жинап алып Мәдениет ауылына апарып тапсырып отырады екен. Ай сайын ауыл тұрғындарының зейнетақысын, мектеп мұғалімдерінің еңбекақысын, жәрдемақы қаражаттарын да 100 шақырым жердегі Мәдениет ауылынан Емелтауға пошташы өзі әкеліп таратып отырады. Ол - анау -мынау емес 5-7 миллион теңгенің ақшасы. Аязды қыста, боранда, батпақта, аптапта Мұратбек Жұманов ескі көлігімен жеті миллионды салып алып жолға шығады. Басын қауіп, қатерге тіге отырып еңбек етіп жүрген жанның айлығы 12 мың теңге екені, ауылдың азып,тозғаны ешкімді, ауыл әкімін, аудандық пошта бөлімшесі басшылығын да ойландырмай келе жатқаны қалай?

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив