KZ
Өскемен
-1°
туман жел 5 м/с, Ю
491.71 529.97 5.05

Қоқыстарды кәдеге жарату қызметінің тарифтерін көтеру ұсынылды

30.10.2019, 20:23 202

Қоқыстарды кәдеге жарату қызметінің тарифтерін көтеру ұсынылды

Қазақстанда қоқыстар мен қалдықтарды кәдеге жарату бойынша қызметтің тарифтерін көтеруді ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мұндай ұсынысты Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі жасап отыр.

Министр Ахметжан Пірімқұловтың айтуынша, қоқысты кәдеге жарату мен қайта өңдеудің тарифтерін көтермесе қатты-тұрмыстық қалдықтарға қатысты проблемалардың шешілмейді екен. Ал ТМД елдерінің ішінде Қазақстанда тарифтер ең төмен болып табылады. Еуропамен, тіпті, салыстырып та қажеті жоқ.

- "Тарифтер біртіндеп өсу керек. Барлық аймақтар үшін бір тариф қойылмайтыны белгілі. Аймақтық ерекшеліктер, қалдықтың мөлшері мен халықтың әлеуметтік топтары ескерілуге тиіс. Бұл өте сараланған сауал. Сондықтан тариф 500 теңге немесе 1000 теңге болсын деп айтуға келмейді", - дейді министр.

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив