KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 3 м/с, В
476.27 515.47 5.41

Катонқарағайда адамдарға оқ атқан қарақшылар құрықталды

30.10.2019, 17:12 121

Катонқарағай ауданының Жаңа Үлгі ауылында қарулы шабуыл жасалғаны туралы жазған едік. "Газель" маркалы көлігін тонап, бір адамды жарақаттап кеткен қарақшылар құрықталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Оқиға 26 қазанда Жаңа Үлгі ауылының маңында болған. Белгісіз біреулер жол жиегінде тұрған көлікті шабуылдап, онда отырған бір жолаушының аяғынан оқ атып жаралады. Олар 2,7 миллион теңге көлемінде қаражатты қолды етті.

- Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері 40, 24 және 23 жастағы үш күдіктіні құрықтады. Қылмыс жасаған қару тәркіленіп алынды. Қазір тергеу жүргізілуде, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив