KZ
Өскемен
+18°
пасмурно жел 4 м/с, В
472.57 508.34 5.4

ШҚО-да қарақшылар зейнеткерлерді тонады

24.08.2018, 11:35 166

Зырян ауданының Кутиха ауылында жасы 90-ға таяп қалған қарт адамдарға қарақшылық шабуыл жасалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Оқиға кешкі уақытта орын алған. Белгісіз үш ер адам біреудің үйіне асүйдің терезесі арқылы баса көктеп кіреді.  Бүктемелі пышақпен қорқытып, үйдің қарт қожайындарынан ақша талап етіпті.


Нәтижесінде 85 жастағы үй қожайыны дене жарақаттарын алды. Үйді төңгеріп шығып, ақша таппаған қарақшылар құрылыс материалдарын, төсек-орын жабдықтары мен азық-түлікті алып кетеді. Келтірілген залалдың мөлшері 200 мың теңгені құрап отыр.


Жедел іздеу іс-шаралары барысында Зырян ауданының бұрын сотталған 32, 33, 36 жастағы үш тұрғыны құрықталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив